КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Компания 1994 жылы 26 мамырда құрылған.

«Мұнай Инвестмент Груп» ЖШС-і Шымкент және Түркістан қалаларындағы  автожанармай құю станцияларының желісі. «МИГ» ЖШС компаниясы жанар-жағармай материалдарын бөлшектеп және көтерме саудамен айналысады. «МИГ» ЖШС-і желісіндегі барлық автожанармай құю станцияларында тұтынушыларға АИ-95, АИ-92 маркалы бензин және DT маркалы дизель жанармайын отандық зауыттардан шыққан жоғары сапалы жанармайларын ұсынады

 «МИГ» ЖШС компаниясы мұнай өнімдері нарығында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істейді және қазіргі уақытта Шымкент және Түркістан қалаларында 12 автожанармай құю станцияларына ие.Түркістан қаласындағы Мұнай базасы «МИГ» ЖШС-і меншігінде. Түркістан қаласындағы Мұнай базасы «Endress + Hauser» (Швейцарияда жасалған) массомер өлшеуіштері арқылы шығарылатын мұнай өнімдерін қабылдау және босату өндірісіне қажетті барлық технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Мұнай базасының өзінің жеке Теміржол тұйығы бар. Сақтаудың жоғарғы жалпы көлемі 12000 тоннаны құрайды, бұл жанар-жағармай материалдарын қабылдау және босату немесе сақтау бойынша қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. «МИГ» ЖШС-і барлық нысандарында бейнебақылау жүйелері толық орнатылған және «MIG-Security» ЖШС-і бөлімшелері тәулік бойы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
 Бүгінгі күнге «МИГ» ЖШС-і Шымкент, Түркістан және Кентау қалаларындағы 80-нен астам ірі және шағын кәсіпорындарды қажетті көлемде жанар-жағармаймен тікелей қамтамасыз етеді. Мұнай базасы қолданыстағы Шымкент-Самара тас жолынан 2 км қашықтықта орналасқан.

Компанияның құндылықтары

Клиенттер мен серіктестердің сенімі

Біз өз бизнесімізді адалдық пен ашықтық қағидаты негізінде жүргіземіз

Жеткізілетін өнімнің сапасы

Біз өз клиенттерімізге тек жоғары сапалы өнімдерді ұсынамыз

Қауіпсіздік

Біз қызметкерлер мен клиенттер үшін таза және қауіпсіз ортаны ұсынамыз

Қызметкерлер

Біздің компанияда адал, жауапты және еңбекқор мамандар жұмыс істейді

Біздің миссиямыз

Біздің компанияның сапалы және аумақтық дамуға деген тұрақты қозғалысы – бұл аймақтың үздіксіз жақсаруының экономикалық кепілі.

Біздің стратегиямыз

Клиенттердің адалдығын арттыру, мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасына қатысу үлесін арттыру, қосымша қызметтер тізбесін кеңейту.

Біздің көзқарасымыз

«Мұнай Инвестмент Груп» ЖШС-інің  бүгіні және ертеңі– бұл сапалы жанар-жағармай материалдары,бүкіл Қазақстан бойынша ең жаңа технологиялармен жабдықталған жанармай құю станциялары.

Компанияның мақсаты - тұрақты экономикалық және технологиялық даму

© Мунай инвестмент групп 2020 - Барлық құқықтар сақталған